Астанадағы «Жетісу» саябағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мектеп оқушылары құстарға арнап ұя жасады. Бұл бастама жас ұрпақты еңбекке баулып, қол еңбегі арқылы қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелейді. Құс ұясын жасау – игі іс қана емес, ол балалардың бойында жауапкершілік пен табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыратын маңызды қадам. Осындай шаралар арқылы өскелең ұрпақтың экологиялық санасы нығайып, туған жерге деген сүйіспеншілігі арта түседі. Жыл сайын табиғат пен технология пәнін ұштастырған №59 мектеп-лицейі биыл да дәстүрінен жаңылмады.
ЕРҒАЛИ ҚАСЫМОВ, ЕҢБЕК ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:
Мектеп оқушыларымен мынау жасаған скворечниктарды әкеліп жолдап жатырмыз. Қалай жасап оны өлшеуін, оны құрастыру оны жинауын жасаған еңбектерін әкеліп, тапсырып жатырмыз. Жыл сайын осы шын ниетпен, таза жүрекпен. Былтыр басқа сыныппен келіп едім биыл міне 8-Л-мен кеп жатырмын.