$515.25 €535.91 ₽5.18
×

Күйреген банктер кредитті акционерлердің компанияларына беріп келген... Жоғары атқарушы билік Президентке есеп берді.

AstanaTV
10.02.2018ж. 20:00
1904
Күйреген банктер кредитті акционерлердің компанияларына беріп келген... Жоғары атқарушы билік Президентке есеп берді.
   

Кеше Президенттің қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында көп дүние айтылды. Әуелі банктер туралы. Лицензиясынан айырылған Delta bank таратқан несиелердің 100 пайызға жуығы банк акционеріне тиесілі компанияларға берілген. RBK банкі кредиттердің 90 пайызын банк акционерлеріне, немесе солармен байланысты адамдарға үлестірген... Банктердің акционерлері тапа-тал түсте жасайтын ұрлық – қарлықтан өзге мысалы, аймақтардағы әлсіз интернет желісі де сөз болды. Медициналық мекемелерге ақпараттық технологияларды енгізудегі ең төмен көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысында екен. Облыс әкіміне «Даниал, орныңнан тұр!» деген Президент, басқа облыстардағы мәліметтерді көріп, «бәрің тұрыңдар!» деп жалғастырды. «Астана 31 пайыз. Ал сен «Астана - ақылды қала» дейсің, бірақ әлі күнге дейін мынаны істемепсің», деді Әсет Исекешевке. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың шегерілгені «өзін-өзі жұмыспен қамтиды» деген категорияға байланысты екенін айта келе, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мәселемен түбегейлі айналыспады деп, «Тамара, не болды, әлде сен бұл қызметте шаршадың ба?» деді. Кешке қарай Тамара Дүйсенова қызметінен босатылды, жаңа министр - Ұлттық экономика министрінің орынбасары болған Мәдина Әбілқасымова.    

Жолдардың сапасына байланысты – «Қазавтожолдың» бастықтары жаппай ұсталған, Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбекке де «жұмысыңа минус» деді. Әрине, бәрінің өз жауабы бар... Айтпақшы Президент мұнай өңдейтін 4-зауыт салу керектігін тағы айтты. 10 жыл бойы «керегі жоқ, керегі жоқ» дегендерге қарап, «проблема бізді қуып жеткенде ғана жұмыс істей бастаймыз», деді. «Деді» дегенді көп айттық па? Президент жекелеп (бәлкім «желкелеп») және детальді тоқталған мәселелерге қарап, мәселелердің неге «мәселе» екенін анығырақ ұғасың. 4 сағаттық жиын жайлы Мөлдір Бақытқызының материалы.

Банктер, оның ішінде қожайындары халықты тонауды тоқтауы тиіс. Бұрын Әлязовке сілтесек, қазір не кедергі? Былтыр банкрот болған "Дельтабанк" кредитті өз акционеріне шығарып берген. РБК да сол. 90 пайыз несиені  4 акционер өзара бөліп алған. Бәрі кәсіпкер. Ұлттық банктен меншік банктеріне төмен пайызбен қаржы алып, оны қалтаға басып үйреніпті. Кейін банкрот деп мүләйімсиді. Ақышевтің айтқаны Президенттің ашуын шақырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Когда мы с этим делом закончим? У всех перед глазами тотальное воровство денег государства и народа БТА Банком во главе с Аблязовым. По всему миру мы раскрыли и доказали, что это было явное воровство денег государства. А что сейчас? Создали банк, и туда пошли люди и национальные компании. И теперь эти акционеры вытаскивают оттуда деньги, и Национальный банк сидит и наблюдает за этим. Ну как это так?

Назарбаев табан асты Парламентке банктердің ішкі қаржы айналымын бақылауға мүмкіндік беретін заң шығаруды тапсырды. 

«Спасибо большое, Нурсултан Абишевич»

«Что спасибо? Ты давно должен был это сделать - привести предложение».

Премьер-министрдің баяндамасы мінсіз. ІЖӨ өсімі 4% құрады. Өсімнің 60% шикізаттық емес сектордан. Сыртқы сауда айналымы 25% ұлғайып, 69,5 млрд долларға жетті. Макроэкономикалық ахуал жақсарды. Инфляция 7,1%-ға дейін төмендеді. Сыртқы қарыз ІЖӨ шаққанда 26% аспайды. Республикалық бюджетке түсім 26,3% көбейді, - деді Сағынтаев.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

- Министрлік бойынша тапсырмалар берілді. Индикаторлар қойылды. Жылдың соңына дейін тапсырмалар бәрі орындалады

- Жарайды, жақсы. Жақсы баяндадың, бірақ самокртика жоқ.

Мінберден қос әкім Қошанов пен Көшербаев та сөйледі. Тілі келмейтін шенеуніктер қазақша былдырлап жатқанда, қаймағы бұзылмаған Қызлордадан келіп тұрып, Көшербаев шүлдірлеп қоя берді.

- Сен енді Қызылордадан келсең де қазақша бастамайсың, иә?

- Экономикалық термин түсінікті болсын деп, рұқсат болса.

Әкімдердің де есебі түгел. Көрсеткіштері адамның көңілін көтереді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мынандай докладтан кейін біраз демалыс бергім келіп отыр, сендерге.

Президент Үкіметке сандық технологияның маңызын тәптіштеп түсіндіруді тапсырды. Жұмағалиевтің пайымын қойшы түгелі көзі ашық адам да түсінбейді дейді. Қазір сәнге айналған сандық технология – панацея емес. Десе де, оның маңызын түсініп-біліп жатқандар аз. Әсіресе, қарапайым халық. Осы орайда Абылай Мырзахметов те ел ішінде естіген қалжыңымен бөлісті.

Абылай Мырзахметов, "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасы:

Жақында Қызылорда облысында бизнесмендерді жинап, 4-революция туралы жиын өткізді. Сонда шығып келе жатсақ ауданның азаматтары айтады дейді. 1-2-де ұйықтап қалғанбыз ба, 4-ші революция келіп қалыпты дейді. Бірақ оларға түсіндіріп айттық.

- Сен оларға айт, 5-келе жатыр қазір.

Айтпақшы, үлкен Мырзахметовтің неліктен Астанадан аймаққа ауысып кеткені де түсінікті болғандай. Президент бір мәселенің шетін шығарды. Асқар мырза инвесторларға қырын қараса керек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Один крупный инвестор, компания ходила за Аскаром Мырзахметовым. Ол олардан қашып кетті. «Істеймін, маған кел» деу керек. Барлығын өңдеу керекпіз ғой. Малдың тұяғынан бастап, жүні, ішкі органдарына дейін. Біз керісінше, жұмыс істеуге мүмкіндік бермейміз. 

Ал "Самұрықта" млрд-тар санап жүрген Шөкеев мырза қазір мал басын санап кетті. Асыл тұқымды сиырларға электронды ен саламын дейді. Осыдан екі жыл бұрын экс-министр Мамытбеков Президентке ішкі нарықты етпен толық қамтып, 60 мың тоннасын экспорттаймын деп уәде берген. Бәлен млрд-қа Австаралиядан асыл тұқымды ірі қара да сатып алған. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Қанша сиыр сатып алдық?

 - 58 мың қазір.

-20 млрд.

- 300 мың болды.

- Өзіміз сатып алған мал орнында ма? Баяғыда совет өкіметінде де сатып алғанбыз, сосын 10 жылдан соң сол сиырлар ешкі болып кеткен.

 -Ондай біз жол бермейміз.

Өзін өзі жұмыспен қамтыған халықтың есебіне жетпей «Міндетті медицинаналық сақтандыру» жүйесін енгізу екі жылға шегерілген. «Өзін өзі жұмыспен қамтыған» деген кімдер өзі? Мәртебесі түсініксіз. Ертең олардың басы аурып, балтыры сыздаса қайда барады? Тек, сақтандыру қорына түскен ақшаға қызмет көрсететін емханалар оларды қабылдамайды. Ал, бұл санаттағы адамдар саны елде 2,7 млн.  Олардың атын атап, затын түстеп бере алмаған Дүйсенова біраз қипақтаған. Ақыры кетіп тынды. Ал, вице-премьер Ерболат Досаев медициналық сақтандыру жүйесін келесі жылы енгізуді сұрады. 

Ерболат Досаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

С учётом программы массовой занятости и поддержки предпринимательства мы хотели бы попробовать взять раннее обязательство, что ОСМС мы сдвинем на один год, и хотим начать в 2019 году вместо 2020-го.

Медицина мекемелерін компьютермен толық қамтамасыз ету де жаңа жүйені ертерек іске қосуға кедергі болып тұр. Облыстар ғана емес, Астананың өзі бюджет бөлген ақшаға қажетті техниканы сатып алмай қол қусырып отыр. Көш соңында қалған үш әкім еріксіз жауап берді.

Даниал Ахметов, ШҚО әкімі:

-  Вставайте все! Стойте! Ал Даниал!

- Проблема довольна простая. Мы выделили млрд теңге на закуп, К сожелению комитет закупков Минситрество финансов ни одного компьютера не купил. Мы не сидим на месте...

Ахметовтың ақталуы Сұлтановқа ауыр тиді. Президент бұл соңғы ескерту екенін Қаржы министрінің есіне салды. Бақыт Сұлтанов былтыр да қатты сөз естіген...

Мөлдір Бақытқызы «Біздің уақыт».