$487.01 €557.87 ₽6.59
×

Шымкент тұрғыны "шұғыл ақша керек" деген жалғыз хабарламаға сеніп, алаяқтардың құрбаны болды

Шымкент тұрғыны "шұғыл ақша керек" деген жалғыз хабарламаға сеніп, алаяқтардың құрбаны болды

3,5 миллион теңгені еш ойланбастан, бір-ақ сәтте аударып жіберді. Шымкент тұрғыны "шұғыл ақша керек" деген жалғыз хабарламаға сеніп, алаяқтардың құрбаны болды. Желінің арғы жағында досы емес, ұйымдасқан киберқылмыстық топ отырғанын ол кеш түсінген. Шымкенттік киберполицейлер арнайы операция барысында 6 күдіктіні қолға түсірді. Олар жалдаған пәтерден қылмыс құралына айналған 19 SIM-карта, 11 телефон мен планшет тәркіленді. Қазіргі уақытта қылмыстық топтың Астана мен Шымкент қалаларында жасалған екі алаяқтық дерегіне қатысы бары анықталды. Келтірілген жалпы шығын - 7 жарым миллион теңге. Бүгінде күдіктілердің үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жалғасуда. Тәртіп сақшылары ескертеді, танысыңыздан қаржылай көмек туралы хат келсе, ең алдымен оған қоңырау шалып, ақпаратты тексеріңіз. Бір ғана қоңырау миллиондарыңызды сақтап қалады.