Бүгін Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 29 жыл толды. Алматыда шамамен 3 мыңға жуық ауған соғысына қатысқан ардагер тұрады. Олар жыл сайын осы күні Панфиловшылар паркінде орналасқан арнайы ескерткішке келіп гүл шоқтарын қойып, тағзым етуді дәстүрге айналдырған. Елімізден он жылға созылған Кеңес-ауған қақтығысына 21 мыңан астам жауынгер қатысқан. Олардың ішінде 1 мыңға жуығы опат болған. Ардагерлер ұйымдарының дерегінше, қазір республикада шамамен 15 мыңға жуық интернационалист жауынгер өмір сүріп жатыр.
Әли Нариманов, «Абырой» Ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы:
Қазір
ауған соғысы ардагерлеріне көрсетіліп отырған жеңілдіктер ішінде 14 мың теңге
зейнетақы есебінде беріледі. Одан кейіін қоғамдық көлікте жол жүруге «Оңай»
карточкасымен тегін жүруге болады. Сосын жылына бір рет пойызбен және ұшақпен
50 пайыздық жеңілдікті пайдаланып, республиканың кез-келген жеріне бір рет
барып келуге болады. Жеңілдікпен үй алуға болады. Бірақ ол жерде кезек көп.
Шамамен 500 адамдай кезекте тұр қазір.