EuroMOMO дерегінше, маусым айының соңында ең жоғары өлім-жітім Франция мен Бельгияда тіркелген.
Германияда аптаптан 5 мыңнан астам адам, ал Англия мен Уэльсте 2 700-ге жуық адам көз жұмған.
Құрбандар ең көп тіркелген қалалар:Милан, Париж, Барселона.
Қаза болғандардың басым бөлігі – 65 жастан асқан адамдар. Дәрігерлердің айтуынша, аптап ыстық әсіресе созылмалы және жүрек-қан тамырлары аурулары бар жандар үшін аса қауіпті.