$477.11 €545.58 ₽6.2
×

«Air Astana» Біріккен Араб Әмірліктеріне жоспарланған рейстерді тоқтатты

AstanaTV
13.07.2026ж. 19:00
«Air Astana» Біріккен Араб Әмірліктеріне жоспарланған рейстерді тоқтатты

Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты «Air Astana» әуе компаниясы Біріккен Араб Әмірліктеріне жоспарланған  рейстерді тоқтататты. Осыған дейін Астанадан Дубайға бағыт алған ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін елорда әуежайына қайта оралса, Алматыдан жоспарланған таңғы рейс мүлде орындалмады. Жолаушылар билеттерінің толық құнын қайтара алады немесе 12-18 шілдеге жоспарланған рейстерді 31 шілдеге дейінгі жоспарланған рейстерге тегін қайта брондау ұсынылады. Қазіргі уақытта компания шетелде қалған жолаушыларды елге қайтару мәселесін қарастыруда.