$476.07 €541.86 ₽6.08
×

ЖСДП Астанада сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді

ЖСДП Астанада сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді
ЖСДП сайлауалды штабының баспасөз қызметі

Жалпыұлттық социал-демократиялықпартиясы (ЖСДП) Астанада сарапшылардыңқатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Шарағасаясаттанушылар, сарапшылар, кандидаттар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріжәне блогерлер қатысты.

Іс-шара барысында ЖСДП-ның «Прогресс жолындағы 20 белес» атты сайлауалдыбағдарламасы таныстырылды. Сондай-ақ «Ақ жол» демократиялық партиясы мен Қазақстанның халықпартиясының (ҚХП) бағдарламалары мен қоғамдық-саяси қызметіне қатысты салыстырмалыталдау жасалды.

Кәсібилік – басты басымдық

Дөңгелек үстелдің негізгі баяндамасын ЖСДП төрағасы Асхат Рахымжанов жасады. Ол партия бағдарламасының басты бағыттарын таныстырып, сайлаудағы қарсыластарының ұстанымдарына өзбағасын берді.

Өз сөзінде ол:

«Біз ел тарихындағы маңызды кезеңде тұрмыз. Адамдардың өмірін қағаздағы уәделер емес, әділзаңдар мен халыққа қызмет ететін билік өзгертеді. ЖСДП-ның «Прогресс жолындағы 20 белес»бағдарламасы – жай ғана ұрандар жиынтығы емес, тәуелсіз Қазақстанды дамытуға арналған нақтыжоспар. Біз өз бағдарламамызда кәсібилікке ерекшемән бердік. Құрылтай кәсіби болуы керек депнақты көрсеттік. Бұл – Құрылтай құрамына тек кәсіби мамандар мен өз ісінің майталмандары келуітиіс дегенді білдіреді. Онда түрлі партия өкілдерібір-бірімен кәсіби диалог жүргізе білуі маңызды. Сонымен қатар, болашақ депутаттардың сауаттыәрі білікті болуы қажет екенін де атап өттік. Өкінішке қарай, өз тәжірибеме сүйеніп айтсам, VIII шақырылымдағы Парламент құрамындағыкейбір депутаттардың кәсіби деңгейі өте төменболды. Кейбірі саясатта қауқарсыз екенін көрсетті. Парламентте маңызды мәселелердің орнына таязтақырыптардың көтерілген кездері де болды. Сондықтан біз Құрылтайдың кәсіби, мықты әріықпалды болуына ерекше назар аударамыз. Ондажеке бастың емес, халықтың мүддесі көтерілуітиіс», – деді.

Сонымен қатар Асхат Рахымжанов өзінәлеуметтік бағыттағы халықтық партия ретіндетаныстырып жүрген кейбір саяси партиялардыңжұмысына көңілі толмайтынын айтты.

Әлеуметтік саясат пен әйелдердіңқұқықтары

ЖСДП атынан Құрылтайға кандидат ретіндеұсынылған Ажар Сағандықова әлеуметтік саясатпен әйелдердің құқықтарына қатысты өзектімәселелерді көтерді.

«Халықты әлеуметтік қорғау – мемлекеттіңбасты міндеттерінің бірі. ЖСДП тегін медицинаны, балалар мен әйелдерге сапалы медициналыққолдауды және лайықты зейнетақы жүйесінқолдайды. Бұл – әрбір қазақстандықтың заңдықұқығы. Біз төрт күндік жұмыс аптасын енгізудіұсынамыз. Қазіргі қоғам үшін бұл өте маңызды. Мен бұл мәселені Мәжіліс мінберінде бірнеше реткөтердім. Партия ұсынып отырған төрт күндікжұмыс аптасы – халықты әлеуметтік тұрғыданқолдаудың нақты тетігі», – деді Ажар Бақытқызы.

Ол – ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты. Мәжілістегіжұмысының негізгі бағыттарының бірі халықтыңәлеуметтік жағдайы мен гендерлік саясатмәселелері болды.

«Мен Парламент қабырғасында әйелдердіңқұқықтарын қорғау мәселесін көтеріп жүрген кездеәріптесіміз сыни пікірі үшін жазаланды. Бұлжағдай мені таңғалдырды. Кез келген партия өзжақтастары мен үзеңгілестерін қиын жағдайдақорғауы тиіс. Мұндай жағдайда біз әйелдердіңқұқықтарын қалай қорғаймыз?» – деді.

Оның айтуынша, мұндай жағдайлар тек саясатта ғана емес, мемлекеттік құрылымдарда, ірікәсіпорындарда және квазимемлекеттік секторда да кездеседі.

Инклюзия мәселесі

ҚР Құрылтай депутаттығына кандидат НурияБалтабайқызы кәсібиліктің кез келген салада маңызды екенін айтты.

«Мен инклюзия мәселесімен айналысыпжүргеніме он жылдан асты. Өзім ерекше баланыңанасымын. Сондықтан бұл саланы жақсы білемін. Мемлекет бұл бағытқа қомақты қаржы бөліпжатқанымен, нақты нәтижелер әлі де жеткіліксіз. Себебі тиісті құрылымдарда, оның ішіндедепутаттық корпуста да кәсіби мамандаржеткіліксіз. Сондықтан ЖСДП ұсынып отырғанкәсіби Құрылтай идеясын толық қолдаймын», – деді.

Экономика және жер саясаты

ҚР Құрылтай депутаттығына кандидат Максим Андрюшин партияның экономикалықұсыныстарына тоқталды.

«ЖСДП әділ экономиканы қолдайды. Біз сән-салтанатқа және аса жоғары табысқа прогрессивтісалық енгізуді, өндіріс орындарындағы еңбекқауіпсіздігі үшін жұмыс берушілердіңжауапкершілігін күшейтуді және зиянды өндірістежұмыс істейтін азаматтардың мерзімінен бұрынзейнетке шығу құқығын қайтаруды ұсынамыз», – деді.

ЖСДП атынан Құрылтай депутаттығынакандидат Мақсұт Насибулов әлеуметтік-экономикалық мәселелерге, жер саясатына жәнепопулизм тақырыбына тоқталды.

«ЖСДП бағдарламасы нақты шешімдергенегізделген. Біз ауыл шаруашылығы және құрылысмақсатындағы жерлерге толық тексеру жүргізуді, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауынорталықтандыруды және заң бұзған құрылыскомпанияларының жауапкершілігін күшейтудіұсынамыз. Халыққа бос уәде емес, нақты кепілдікпен шешімдер қажет. Сонымен қатар өзін оңшыл партия ретіндетаныстыратын кейбір саяси күштер халықтыңжалақысы мен зейнетақысы мәселелерінкөтергендей көрінгенімен, іс жүзінде ірі бизнес өкілдері мен квазимемлекеттік құрылымдардыңмүддесін қорғап кетеді. Бұл – шынайы саясат емес, көзбояушылық. Сондай-ақ Құрылтай құрамындатек танымал тұлғалар емес, өз саласының кәсібимамандары басым болуы керек», – деді.

Ашық пікірталас

Жиын соңында ашық пікірталас өтті. Партия жақтастары ашық микрофон арқылы өз пікірлерінеркін білдірді.

Пікірталас барысында сайлауға қатысыпжатқан өзге партиялардың бағдарламаларындағыосал тұстар мен олардың саясаттағы кәсібилігінеқатысты сын-пікірлер айтылды. Қатысушылар, әсіресе, кейбір партиялардың басшылығының жиіауысуы мен партиялық құрылымдарыныңтұрақсыздығы туралы пікір білдіріп, бұлмәселелерді жан-жақты талқылады.