Ақмола облысының тұрғыны көршісін пышақтап, пәтеріне қамап кеткен. Атбасар қаласының тұрғыны, 58 жастағы әйел өз үйінен ауыр жарақатпен, ес-түссіз күйде табылды. Полиция пәтерге кіру үшін есікті бұзуға мәжбүр болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жәбірленушінің ішіне бірнеше рет пышақ сұғылған. Күдікті оқиғадан кейін есікті сыртынан құлыптап, пышағын алып, кетіп қалған. Ауыр жарақат алған әйел көз жұмды. Қазір қылмыстық іс қайта сараланып, адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүруде. Күдікті қамауға алынды.