$457.99 €534.15 ₽5.47
×

Астанада баяншылар мен аккордеоншылардың халықаралық байқауы басталды

AstanaTV
24.08.2026ж. 19:00
Астанада баяншылар мен аккордеоншылардың халықаралық байқауы басталды

Астанада баяншылар және аккордеоншылардың халықаралық байқауы басталды. «Куп Мондьяль 79» - баян мен аккордеон өнеріндегі әлемдік деңгейдегі ең беделді додалардың бірі. Байқау биыл алғаш рет Қазақстанда және Орталық Азияда ұйымдастырылып отыр. Мәдени шараға әлемнің түкпір-түкпірінен кәсіби орындаушылар, музыка мамандары, халықаралық сарапшылар мен өнер майталмандары жиналды. Додаға Халықаралық аккордеоншылар конфедерациясының 48 делегаты қатысып, елордада өнердің үздіктерін тоғыстырды.

АЛЕКСАНДР ГАТАУЛЛИН, ӘДІЛ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Әлем кубогіне қатысу мен үшін ерекше маңызды. Өйткені сонау 1997 жылы, шамамен 30 жыл бұрын, мен өзім осы байқауда Швейцарияның Рейн қаласында жеңімпаз атанған едім. Қазақ жерінің әлемнің түкпір-түкпірінен келген баяншыларды осындай қонақжайлықпен қабылдап жатқанына өте қуаныштымын.