Ақтаудағы ойын-сауық орындарының бірінде келушіге оқ атқан тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Айыпталушы тамақтанып отырған азаматқа "аңшы сигналы" деп құрылғысынан тікелей бетіне оқ атқан. Ал жәбірленуші ауыр жарақат алған. Полиция бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған еді. Сот үкімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі «Бұзақылық» бойынша кінәлі деп танылып, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.