$444.58 €510.29 ₽5.27
×

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде оқ атылды

AstanaTV
18.09.2026ж. 19:00
Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде оқ атылды

Астанада тұрғын үйлердің бірінің ауласында оқ атылды. Полицияға түскен хабарламадан кейін оқиға орнына патрульдік экипаж жедел жеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, аулада ішімдік ішкен бір топ адам агрессивті мінез-құлық танытқан. Полиция құқық бұзушыларға қатысты заңға сәйкес шара қолданылатынын мәлімдеді. Ал тұрғындардың жарақат алғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

АСТАНА ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:

Құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында үй тұрғындарының бірі газ тапаншасынан аспанға ескерту ретінде оқ атқан. Оқиғаға қатысушылардың барлығы сол жерде ұсталып, полицияға жеткізілді.