$447.14 €500.35 ₽5.24

Қазақстан Халық Кеңесі комитетінің салалық комиссияларының құрамы бекітілді

Қазақстан Халық Кеңесі комитетінің салалық комиссияларының құрамы бекітілді

Қазақстан Халық Кеңесі комитетінің салалық комиссияларының құрамы бекітілді. Осыған орай Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік комитетінің алғашқы отырысы өтті. Талқылау барысында Комитеттің 2026–2027 жылдарға арналған жұмыс жоспарының жобасы қаралды. Құжат алдағы кезеңдегі жұмыстың негізгі бағыттарын айқындап, сараптамалық кездесулер, кең ауқымды қоғамдық талқылаулар және кеңейтілген отырыстар өткізуді көздейді. Жиында мемлекеттік тілді дамыту, оқыту әдістемесін қайта қарау және музейлерді жаңғыртуға меценаттарды тарту жөніндегі бастамалар да талқыланды.

ОЛЬГА СПИРИНА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

Мен өзім мәдениет және азаматтық бірегейлік мәселелер бойынша комиссияның құрамына кірдім. Соның ішінде тіл мәселесі де бар, менің негізгі айналысатын бағытым ол тіл мәселесі болайын деп тұр. Бізге айтты, қандай ұсыныс болса да барлығын айтыңдар, барлығын талқылаймыз, барлығын қараймыз деп сондықтан да менің ойымша дәл қазір комитет мүшелері басқа қарқынмен жұмысқа кірісетін болады.