Қазақстанның адами капитал индексіндегі көрсеткіші жоғарлады. Дүниежүзілік банктің рейтингінде еліміз бірден 13 сатыға көтеріліп, 161 мемлекеттің ішінде 42-орынға жайғасты. Халықтың тұрмыс сапасын сипаттайтын бірқатар көрсеткіш те өскен. Атап айтқанда, елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жетіп, халық саны бір миллион адамға артқан. Бұл бағыттағы жұмыстар Конституцияда адам капиталын, білім, ғылым және инновацияны дамытуға басымдық берумен сабақтасады. Яғни білім мен ғылым әлеуметтік саланың бір бөлігі ғана емес, елдің ұзақмерзімді дамуының маңызды тетігі ретінде қарастырылады.
ЖҰЛДЫЗ КӘРІМ, ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ:
Құндылық бағдарлардың Конституциялық мәтінге енгізілуі. Бұдан бұрын болмаған ғылым, білімге, адам капитал мен инновацияға еген дем беру, мән беру. Қазақстан шикізтқа өте бай мемлекет. Бірақ барлығымызға белгілі шикізат сарқылатын байлығымыз. Ал сарқылмайтын байлық бұл -адами капитал. Адамның еңбегі.