Жамбыл облысында 88 шетел азаматы ел аумағынан 5 жылға шығарылды, - деп хабарлайды Astana TV.
Жамбыл облысында жүргізіліп жатқан "Заңсыз келуші - 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері екі күнде 254 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті. Көші-қон заңы талаптарын бұзған 88 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан 5 жыл мерзімге әкімшілік жолмен шығарылды. Сонымен қатар жедел іс-шара кезінде халықаралық іздеуде жүрген 5 шетел азаматы анықталды. Шетел азаматтарының ел аумағында болу тәртібін бұзуына жол берген 57 Қазақстан азаматы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы қолданылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу заңдылығын тексеру, көші-қон заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Ескерту: "Заңсыз келуші - 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы 10 қазанға дейін жалғасады.