$447.14 €500.35 ₽5.24

Қызылорда облысында мас жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды

Қызылорда облысында мас жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды
Polisia.kz

Қызылорда облысында мас жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Astana TV.

Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері алкогольдік масаң күйде көлік басқарудың кезекті дерегін анықтап, жолын кесті. Кезекті рейдтік шара барысында Қармақшы ауданы,Төретам кентінің Жахаев көшесінің бойында патрульдік полиция қызметкерлері күдік тудырған ГАЗ-3110 (Волга) автокөлігін тоқтатып, жүргізушісін тексерді. Тексеру барысында жүргізушінің көлік құралын масаң күйде басқарғаны анықталды. Полиция қызметкерлері 39 жастағы облыс тұрғынын полиция бөліміне жеткізді. Сот қаулысымен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Полиция жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға және алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін көлік тізгініне отырмауға шақырады. Мас күйінде көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді. "Заң мен тәртіп” қағидатын сақтау – әрбір жол қозғалысына қатысушының ортақ жауапкершілігі.