$447.14 €500.35 ₽5.24

Автотұрақта тұрған бес көлік өртеніп кетті

Автотұрақта тұрған бес көлік өртеніп кетті
фото скрин

Астанада автотұрақта бес көлік өртенді, деп хабарлайды Astana TV.

Елорда Полиция департаментінің мәліметінше, алғашқы болжам бойынша көліктердің бірінде электр сымдарының қысқа тұйықталуы болған. Соның салдарынан өрт шыққан.

Оқиға кезінде бір адам зардап шегіп, медициналық мекемеге жеткізілген.

Бұған дейін зардап шеккен ер адамның өртенген көліктердің екеуінің иесі екені хабарланған.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы, өрттің нақты себебі және келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.

Тексеру қорытындысы бойынша тиісті құқықтық баға беріледі.