$455 €498.77 ₽5.56

Алматыда көлік өртенді

Алматыда көлік өртенді
фото скрин

Құтқарушылар жеңіл автокөліктегі өртті сөндірді, деп хабарлайды Astana TV.

Алматы облысының Талғар ауданында жеңіл автокөлік өртенді.

Оқиға орнына келген ТЖМ бөлімшелері бірден өртті сөндіруге кірісті.

Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ ескертеді: автокөліктің техникалық жағдайын үнемі тексеріп, электр сымдары мен отын жүйесінің жарамдылығын қадағалаңыз. Автокөлікте жарамды өрт сөндіргіш болуы тиіс.