$447.14 €500.35 ₽5.24

Маңғыстауда жолаушыдан 136 келіден астам бекіре тәркіленді

Маңғыстауда жолаушыдан 136 келіден астам бекіре тәркіленді
Polisia.kz

Маңғыстау облысының Қарақия ауданында 55 жастағы әйел жолаушыдан 136 келіден астам бекіре тұқымдас балық тәркіленді, деп хабарлайды Astana TV. 

Polisia.kz мәліметінше, 5 қазанда полиция қызметкерлері өзге де уәкілетті органдармен бірлесіп Chevrolet Cobalt көлігін тоқтатқан. Жүксалғышты тексеру кезінде бекіре тұқымдас балыққа ұқсас 22 дана балық табылған. Олардың жалпы салмағы - 136,15 келі.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір балықтың шығу тегі мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарларды заңсыз аулау, сақтау немесе тасымалдау қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.