Орал әуежайында Қазақстанға қатысты балағат сөздер айтқан 52 жастағы шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Astana TV.
Polisia.kz мәліметінше, ер адам Стамбұл-Орал рейсімен келгеннен кейін төлқұжат бақылауынан өту кезінде қоғамдық тәртіпті бұзған. Ол бақылау залында Қазақстанға қатысты қорлау сипатындағы сөздер айтқан.
Көлік полициясы оны кезекші бөлімге жеткізіп, ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Сот шетелдік азаматты кінәлі деп танып, оған айыппұл салды.
Полиция оған Қазақстан заңнамасын сақтау және мұндай әрекеттерге қайта жол бермеу жөнінде ескерту жасады.