Шымкентте 16 қабатты тұрғын үйдің маңынан жас жігіттің мәйіті табылды. Оның өліміне нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Мән-жайды полиция анықтап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, жігіт көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен болуы мүмкін. Полиция қылмыстық іс қозғады.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
1 қарашада «БИИК» тұрғын үй кешенінде биіктіктен құлау салдарынан 22 жастағы ер адам қаза тапты. Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.