$453.26 €506.7 ₽5.58

"Жағдайы ауыр": Жамбылда жасөспірімдер жанжалдасып, 15 жастағы бала соққыға жығылды

AstanaTV
03.11.2026ж. 19:00
"Жағдайы ауыр": Жамбылда жасөспірімдер жанжалдасып, 15 жастағы бала соққыға жығылды

Жамбылда жасөспірімдер жанжалдасып,  15 жастағы бала соққыға жығылды.  Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр. Туыстарының айтуынша дүкеннен сусын алып келемін деп кеткен ұлдарын ауыл балалары ұрып соққан. Оқиға Жамбыл ауданына қарасты Бірлесу-Еңбек ауылында болыпты.  Елді мекенде  жасөспірімдер арасында бейресми тәртіп қалыптасқанын айтады.  Жастар өздерінен кішілерге түрлі тапсырма беріп, ақша жинауды талап етуі мүмкін деп отыр. Талапты орындамаған немесе кездесуге кешіккен балалар жазаланатын көрінеді.    Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ. Құқық қорғау органдары аталған жайттарды тексеріп жатыр.   

НҰРМАХАН ДОСМАХАНҰЛЫ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ЕМДЕУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда бала жансақтау бөлімінде. Баланың жаңдайы өте ауыр жағдайда бүгінгі таңда. Қазіргі таңда қалаға жеткізу мүмкіншілігі жоқ. Себебінде бала бірінші кезекте өкпені жасанды желдендіру апаратында. Екінші кезекте команың үш степені болатын болса, комманың екінші жағдайы поциентте.

АСЕТ ОСПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Адын ала анықталғандай бұрыннан таныс екі жасөспірімнің арасында жан-жал туындап, оның барысында біреуі екіншісіне соққы жасаған. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Аталған дерек бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.