$458.85 €503.5 ₽5.59

Қазақстандағы онлайн-казиноларға Қырғызстандық студенттер қызмет көрсетіп келген

AstanaTV
27.11.2026ж. 19:00
Қазақстандағы онлайн-казиноларға Қырғызстандық студенттер қызмет көрсетіп келген

Қырғызстандық студенттер Қазақстандағы онлайн-казиноларға қызмет көрсетіп келген. Алматының үш тұрғыны  Қырғызстанның студенттері мен қаржылық қиындыққа тап болған жастарды пайдаланып, дропперлер желісін ұйымдастырған. Олар шетелдіктердің банк шоттары арқылы криптовалюта саудасын жүргізіп, 3,6 млрд теңгеден астам ақша өткізген. Күдіктілер делдалдардың жолақысын, жатақ жайы мен тамағын төлеп, телефон, SIM-картамен қамтамасыз еткен. Ал өздері қызметі үшін 4 пайыз сыйақы алып отырған. Қазір күдіктілердің ісі сотта қаралып жатыр. 

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:

Екі күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сот санкциясымен үш автокөлік пен жер учаскесіне тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.