Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жамбылда ерлі-зайыптылардың үйінен 6 келі героин табылды

AstanaTV
19.04.2018ж. 20:00
1968
Жамбылда ерлі-зайыптылардың үйінен 6 келі героин табылды

Жамбыл облысында аса ірі көлемде героин тасымалдаған қылмыстық топ құрықталды. Оларды тексеру кезінде 6 келі героин табылған. Сондай-ақ, үй ішінен жымысқы жолмен келген 5 миллион теңге тәркіленген. Одан бөлек биыл ғана сатылымға шыққан су жаңа «Киа Сорента» көлігі де тәркіленді.

Күдіктілердің бесеуі Жамбыл жерінде ұсталса, біреуі Атырау облысында қолға түсіпті. Бір қызығы, топ серкесі - 33 жастағы әйел адам. Ол бірнеше жылдар бойы көлеңкелі кәсіппен күйеуі екеуі айналысып келген деген күдік бар. Олардың 3 баласы бар екені белгілі болған. Құрықталғандар қатарында тағы бір ерлі-зайыпты жұп ұсталды. Олар өз кінәларын толық мойындап, тергеу абақтысына жабылған. Күдіктілер 10 жыл немесе өмір бойына бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.