Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Оңтүстік Корея КХДР қарсы "психологиялық соғысты" доғарады

AstanaTV
23.04.2018ж. 20:00
4769
Оңтүстік Корея КХДР қарсы "психологиялық соғысты" доғарады

Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяға қарсы "психологиялық соғысты" тоқтатады. Яғни шекарада дауыс зорайтқыш арқылы үздіксіз жүретін үгіт-насихат енді болмайды, деп хабарлайды Рейтерс.

Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігі бұл өзара қақтығыстарды азайтады деген сенімде. Мұндай қадам 27 сәуірдегі қос ел президенттерінің кездесуі қарсаңында әскери теке-тіресті тоқтату үшін жасалған. Дауыс зорайтқыш қондырғы шекарада 1963 жылы пайда болды. Оны бірінші Оңтүстік Корея орнатты. Пхеньян да қарап қалған жоқ. 2005 жылы тараптар үгіт-насихатты тоқтатуға келіскен. Бірақ бір жылдан соң, КХДР жасаған 4-ядролық сынақтан кейін Сеул құрылғыны қайта іске қосты. Енді Оңтүстік Корея қондырғының үнін көрші ел де өшіреді деп үімттенеді.