Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Астана экономикалық форумы "Global challenges summit" деген жаңа атаумен, жаңа форматта өтеді

AstanaTV
23.04.2018ж. 20:00
2435
Астана экономикалық форумы "Global challenges summit" деген жаңа атаумен, жаңа форматта өтеді

"Global challenges summit". Дәстүрлі Астана экономикалық форумы биыл осындай жаңа атаумен жаңа форматта өтеді. Бүгін Үкіметте Форумды ұйымдастыру бойынша арнайы брифинг өтті. Биыл он бірінші жыл қатарынан ұйымдастырылатын жиын 11 жаһандық мәселені көтереді деп жоспарланған. Атап айтсақ, экономикалық өсім және ресурстық тұрақтылық, цифрландыру және урбанизация, ұзақ өмір сүру мен қаржылық революция, жахандық қауіпсіздік және мәдени ілгерілеу тақырыптары қамтылады. Секциялық тақырыптар да заман талабына сай таңдалған.

Руслан Даленов, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:

Криптовалюта майнингі, ақылды қала, өнеркәсіпті автоматтандыру, жасанды интеллект бұл болашақ Нобель сыйлығы лауреаттарын күтетін салалар.

Саммитке 450 спикер қатысады деп жоспарланған. Олардың тең жартысы - халықаралық сарапшылар. Яғни әлемнің 24 елінен қонақтар келеді деп күтілуде. Бүгінгі таңда Астана форумына қатысатынын растағандар арасында белгілі саясаткерлер де бар. Францияның экс-президенті Франсуа Олланд, БҰҰ-ның экс-бас хатшысы Пан Ги Мун сияқты майталмандар келеді деп күтілуде. Сондай-ақ, әлемдегі беделді қаржы мамандары мен Нобель сыйлығының лауреаттары қатысады.

"
Астана" телеарнасы қызу әрі қызықты пікірталастарды назарларыңызға ұсынады. Және форум қатысушыларының  эксклюзивті сұқбатын тамашалай аласыздар.