Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Самұрық-Энерго» АҚ басқармасындағы өзгеріс Qazaq Banki-ндегі жағдаймен байланысты емес - Баспасөз қызметі

AstanaTV
27.04.2018ж. 20:00
1675
«Самұрық-Энерго» АҚ басқармасындағы өзгеріс Qazaq Banki-ндегі жағдаймен байланысты емес - Баспасөз қызметі

«Самұрық-Энерго» басқармасындағы өзгеріс Qazaq Banki-ндегі жағдайға байланысты емес. Ақционерлік қоғамның баспасөз хатшысы осылай деп мәлімдеді. Бұған дейін БАҚ мекемедегі ауыс-түйісті компания қаражатын осы банкке салғандықтан болды деп хабарлаған болатын. Бүгін "Самұрық-Энерго" директорлар кеңесінің жаңа төрағасы болып Алик Айдарбаев тағайындалды. Қуаныш Бектеміровтің қызметі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылы Qazaq Banki-не 7,2 миллиард теңге салынған. Ол екінші деңгейлі банктерге салған энергохолдинг қаражатының 15,9 пайызын құрайды.

Марат Мұхамедсәлиев, «Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен және коммуникациямен байланыс жөніндегі офистің баспасөз хатшысы:

Бүгінгі 27 сәуірдегі есеп бойынша «Qazaq banki» есепшотындағы қалған ақша 9,8 миллион теңгені құрайды. "Самұрық-Энерго" ақшаны қажет кезде пайдаланатын болады. Сондықтан, БАҚ хабарлағандай, компанияның барлық бос активтері бір банкте сақталған деген ақпарат шындыққа жанаспайды.