$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Орал халқы 4 күннен соң суға қол жеткізді

AstanaTV
04.05.2018ж. 20:00
2224
Орал халқы 4 күннен соң суға қол жеткізді

Орал қаласына бүгін су беріле бастады. «Батыс су арнасы» мекемесінің директоры Нұр Төлеуғалиевтың айтуынша, апат орын алған коллектор қазір жөнделген. Дегенмен ол жағдай қайталануы мүмкін екенін ескертті.

Нұр Төлеуғалиев, «Батыс су арнасы» ЖШС директоры:

Қазір қалада су тапшылығы мәселесі шешілгенімен, осы жағдай тағы да қайталануы мүмкін. Сондықтан тұрғындар суды көбірек алып алғаны дұрыс. Өйткені мұнда бұрынғыдан да қуатты насос стансасын қоямыз. Сол кезде суды уақытша ажыратуға тура келеді. Бұл жұмыстар қашан аяқталарын нақты айта алмаймын. Апат көлемі үлкен болғандықтан, басқа мекемелер көмекке келіп жатыр.

Апат болған жерде 7,5 метр тереңде жатқан жарық құбыр қазылып, сыртқа шығарылған. Енді оның орнына ұзындығы 64 метрлік жаңа құбыр төселіп, уақытша коллектор салынады, деді. Осыған дейін хабарлағанымыздай, апты басында қаладағы шайынды су жүретін кәріз құбыры жарылып, қала сусыз қалған еді. Мектептерде сабақ уақыты қысқарып, көпқабатты тұрғын үйлерге арнайы көлікпен су тасылды. Қазір апаттан келген шығынды есептеу мақсатында қала әкімдігі жанынан арнайы комиссия құрылған.