$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қызылорда облысында кәсіпкерлер үшін жер алу енді қолжетімді болмақ

AstanaTV
17.05.2018ж. 20:00
4523
Қызылорда облысында кәсіпкерлер үшін жер алу енді қолжетімді болмақ

Қызылорда облысында кәсіпкерлер үшін жер алу енді қолжетімді болмақ. Мұндай мүмкіндікті "Нұр Отан" партиясының жаңа жобасы ұсынады. Қазір пилотты жоба сыр өңірінде қолға алынған. "Геоақпараттық онлайн сервис" кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында орналасқан. Аймақтағы бос жатқан жерлер, коммерциялық мақсатқа пайдалануға болатын телімдер, олардың инфрақұрылымы туралы ақпараттар электронды форматқа көшірілуде. Яғни жерге қатысты мәліметтер топтастырылған электронды карта болмақ. Демек онлайн режимде жердің жағдайы бақыланады. Мұндай қадамға баруға, кәсібін жаңадан бастағандардың жерді жалға немесе сатып алу үшін көп қиындықтарға кездесетіні себеп болған. Бұл жоба алдағы уақытта бүкіл ел аумағын қамтиды деп жоспарланып отыр.

Қамар Бекетова, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ директоры:

Кәсіпкерден өтініш қабылданғаннан кейін ол лезде монополист мекеме субъектілеріне бірден қадағалау онлайн режимде өтініш қай жерде екені қадағаланып, лезде сол өтінішті сол орталықтан шықпай-ақ алып беруге болады. Бұл әкімшілік кедергілерді азайту, сыбайлас жемқорлық фактілерің азайту мақсатында және тікелей қарым-қатынас мемлекеттің бизнес алдындағы ашықтығымен байланысты.