Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қарағандыды қымбат көлік үшін адам өлтірді деп айыпталған экс-полицей соты басталды

AstanaTV
24.08.2018ж. 20:00
3322
Қарағандыды қымбат көлік үшін адам өлтірді деп айыпталған экс-полицей соты басталды

Қарағандыда қымбат көлікке қызығып, иесін өлтірді деп айыпталған экс-полицей ісі сотта қарала бастады. Атышулы процесс Қазыбек би атындағы мамандандырылған ауданаралық сотта өтіп жатыр. Мемлекеттік айыптаушының мәліметінше, ол бағасы 7-8 мың доллар тұратын Тойота-55 маркалы көліктің иесімен сатып алушы ретінде кездескен. Көлік базарының маңында оны қызметтік тапаншасымен атып өлтірген көрінеді. Теміртау қалалық ІІБ-нің жол-патрульдік полициясында кіші сержант болған Нұрсейіт Қалдыбаев ол үшін жұмыстан да сұранған. Ал атылған оқтың орнына әріптесі үйінде заңсыз сақтаған қарудың оғын тапсырған. Бірақ қорғаушысы алғашқы отырыста-ақ "оны бұл қылмысқа біреулер итермелеуі мүмкін" деп мәлімдеді. Сондықтан психологиялық- психиатриялық сараптама жасатуды сұрады.

Талғат Тұтқышов, сотталушы қорғаушысы:

Сотталушы жапа шегушіге қандай көлікпен барды? Ол неге дәл осы адамды таңдады деген сұрақтар бар. Бұл топтасқан қылмыс па, оны біреу қылмыс жасауға итермеледі ме және оның психикасында ақау жоқ па? Осыны анықтау керек.

Экс-полицей «адам өлтіру», «ұрлық», «заңсыз қару алып жүру, сақтау, тасымалдау» секілді 3 бірдей баппен айыпталып отыр. Тергеу барысында психиатриялық сараптама жүргізген мамандар оны «ақыл- есі дұрыс, өз әрекетіне жауап бере алады және қылмысқа саналы түрде барған» деген қорытынды шығарған. Сондықтан судья екінші рет ондай сараптама жасауға рұқсат етпеді.

Екатерина Левицкая, жапа шегуші тарап қорғаушысы:

Психиатриялық сараптама тергеу барысында жасалып, оның ақыл-есі дұрыс деген қорытынды шықты. Бірақ сотталушы бірнеше рет уақытша қамау изоляторында тыр жалаңаш жүріп, қолдарын шапалақтап, әдейі өзін ауру етіп көрсетпек болған. Изолятор дәрігерлері оның дені сап-сау екенін растады. Ол әскер қатарында болған, бірнеше рет аттестациядан өткен, құқық қорғау органының қызметкері.