$494.87 €520.65 ₽4.91
×

АҚШ доллары айырбастау орындарында 373 теңгеден сатылып жатыр

AstanaTV
05.09.2018ж. 20:00
2900
АҚШ доллары айырбастау орындарында 373 теңгеден сатылып жатыр

Доллар бағамы рекорд орнатты. KASE-нің таңғы сауда-саттық алаңында АҚШ ақшасы 369,32 теңге болып бекітілді. Теңге, осылайша, биылдыққа ең төменгі құлдырау шегіне жетті. Күндіз айырбастау пункттерінде доллар бағамы тіпті 373 теңгені көрсетіп тұрды. Белгілі экономист Айдархан Құсайынов ұлттық ақшамыздың кешелі бері арзандауына Ресей рублінің де, мұнай бағасының да, тіпті экономикалық санкциялардың  да әсері жоқ деп есептейді. Оның айтуынша, әлемнің дамушы елдерінің барлығында осындай жағдай қалыптасып отыр. 

Айдархан Құсайынов, экономист:

Соңғы екі күнде әлемдік қаржы нарығында валютаның индексі дамушы елдерде тарихта болмаған шегіне жетті. Тіпті евроға шаққандағы доллардың бағамы да біршама артты. Мұны халықаралық қаржы саудагерлері тиімді пайдаланып жатыр. Біздің банктерде отырған қаржы сарапшылары мен трейдерлер де мұндай да қарап қалмайды. Олар да сауда-саттықты күшейтіп, ұлттық валютаның құнсыздануына алғышарттар жасайтыны түсінікті. Ғаламда болып жатқан осындай жағдайдың әсерінен теңге де арзандады

Алдағы күндері АҚШ доллары тағы да нығаяды. Шетелдік валютаның әлсіреуі тек қазан, қараша айларында ғана байқалатын болады. Қаржы маманының болжауынша, күздің соңына қарай доллар 330-320 теңге деңгейіне қайтадан келеді. Оған жылдағыдай маусымдық факторлар әсер етеді, дейді экономист.