$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Шетелдік және отандық сарапшылар сайлау науқаны жөнінде пікірлерімен бөлісті

AstanaTV
01.05.2015ж. 20:00
1304
Шетелдік және отандық сарапшылар сайлау науқаны жөнінде пікірлерімен бөлісті

Шетелдік сарапшылар елімізде өткен саяси науқанды жоғары бағалады. Олар тіпті Еуропа Қазақстаннан үлгі алу керек дейді. Айтуларынша, еуропалықтар сайлауда осындай белсенділік танытпаса керек. Ал отандық сарапшылар болса, Елбасының 5 институционалдық реформасы талдап, оның аясында ішкі саясат байыпты өзгеріске ұшырайды дейді.

Ивета Григуле, Еуропарламент депутаты /Страсбург, Франция/:

Бұл саяси науқаннан барлық еуропалықтар үлгі алсақ болады. Өйткені еуропалықтар өз жерінде өтіп жатқан сайлауда мұндай белсенділік танытпайды. Жақында Латвияда өткен саяси додада қатысушылар көрсеткіші небәрі 40 пайызды құрады. Ал басқа Еуропа мемлекеттерінде келушілердің саны бұдан да төмен. Мен өз басым қазақстандықтарды шын жүректен құттықтаймын. Сіздер тек Президентіңізді ғана емес, еліңіздің ары қарай даму жолын да таңдап алдыңыздар. Сіздер тұрақтылықтың, тыныштықтың және экономикалық гүлденудің бағдарын таңдадыңыздар. Болашақта биік белестерді бағындыруға тілектеспін.

Қайрат Айтуғанов, ҚР кәсіподақтар федерациясы төрағасының міндетін атқарушы /Астана/:

Қазақстан кәсіподақтар федерациясы да болашақта еліміздің дамуына үлкен сеп болатын осы 5 реформаны толық қолдайды. Индустриализация жобалары - ел экономикасының қарқынды дамуының басты секторы. Соның арқасында орта және шағын кәсіпорындар мен қосымша жұмыс орындары ашылмақ. Кәсіподақтар федерациясы әрдайым Елбасы бастамаларын жүзеге асыруға бар күшін салады.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА