$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Елге келіп жатқан ет пен сүт өнімдерінің сапасы сын көтере бермейді.

AstanaTV
14.04.2014ж. 20:00
1426
Елге келіп  жатқан ет пен сүт өнімдерінің сапасы сын көтере бермейді.

Аграрлық саласының мүмкіндіктері ауқымды бола тұра, Қазақстанның мал шаруашылығы өнімдерін, атап айтқанда, ет пен сүтті иморттауы - ұят. Мұндай ойын «Қазақстанның ет-сүт өнімдері» қауымдастығының басқарма төрағасы Иван Сауэр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында білдірді. Оның айтуынша, елге ағылып жатқан ет пен сүт өнімдерінің сапасы сын көтере бермейді. Өйткені шекаралық бақылау өте төмен деңгейде. 

Иван Сауэр, Қазақстанның ет-сүт одағы қауымдастығы басқарма төрағасы:

Агроөнеркәсіпте жұмыс істеп жүрген мен үшін Қазақстанның жыл сайын 3 млрд доллардың азық-түлігін импорттайтыны ұят. Оның ішінде 540 млн доллар кондитерлік өнімдердің үлесі. Боинг құрастыра алмасақ та, тәттілерді енді өзіміз де шығара аламыз. Ал отандық сүт өндіріске жеткіліксіз болғандықтан, шетелден құрғақ, әрі майынан ажыратылған сүтті көптеп тасып жатырмыз. Біз бұл жағдаймен келісе алмаймыз.

Иван Сауэр рақымшылық жасалған капиталды отандық бизнеске жұмсасақ, қаржыны ипортты азайтуға бағыттай аламыз деген ойын да білдірді. Ал машина жасаушылар одағының атқарушы директоры Тимурлан Алтаев мұнай-газ өндірісіне машина жасау ісін дамытатындарын жеткізді.

Тимурлан Алтаев, Қазақстанның машина жасаушылар одағы атқарушы директоры:

Біз «Теңізшевройлмен» жақсы келіссөздер жүргіздік. Бірлескен кәсіпорындар құрамыз. Жарты-бір жыл ішінде өндірісті бастап, елімізде бұрын-соңды шығарылмаған бөлшектерді шығарамыз. Мысалы, мұнай-газ саласына қажетті түрлі құбырлар, бұрғылау қондырғылары сынды өзге де жабдықтар болады. Алдағы екі жылға 1,5 млрд доллар қарасытырылған. 30-40 мың жаңа жұмыс орнын ашамыз. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ