Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Осы аптада «BalaTurkvizyon» байқауында Қазақстан намысын қорғайтын жеңімпаз анықталады

AstanaTV
16.09.2015ж. 20:00
1008
Осы аптада «BalaTurkvizyon» байқауында Қазақстан намысын қорғайтын жеңімпаз анықталады

Түркиядағы «BalaTurkvizyon» байқауында Қазақстан намысын қорғайтын балақайдың есімі осы аптада анықталады. Ақтық сын Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.

«BalaTurkvizyon- Қазақстан» ұлттық іріктеу кезеңі 8 маусым мен 8 тамыз аралығында еліміздің барлық аймағында өткен. Оған 8-13 жас аралығындағы  екі мыңдай бала қатысып, тек  жиырма өнерпаз ақтық сынға жолдама алды.  Енді қыркүйектің 19-20 күндері байқаудың жартылай және финалдық кезеңдері өтпек.

Балаларға арналған жаңа әндерді көрермендер мен қазақстандық 16 эстрада жұлдызынан құралған қазылар алқасы таңдайды. Түркітілдес елдер арасында тұңғыш өткізілетін «BalaTurkvizyon» байқауында 21 елдің өнерпазы бақ сынайды. Гранд-финал 18 желтоқсанда Түркияның Ыстамбұл қаласында өтеді. 

Динара Адам, «BalaTurkvizyon - Қазақстан» байқауының бас продюсері:

Жеңімпаз бүлдіршін Түркиядағы гранд-финалда әр шырқайтын болады. Еске салсам, өңірлерден таңдалған әр өнерпазды Қазақстандағы танымал эстрада жұлдыздары баптаған. Олар балаларға тек ән айтуды үйретіп қана қоймай, жаңа әндер жазуда. Сондықтан демалыс күні өтетін финалда жаңа жұлдызды бүлдіршіндердің есімі белгілі болмақ.

Берік ХАСЕНОВ