Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Астанада күн шығыс елінің дәстүрі мен мәдениетінен сыр шертер көрме ашылды

AstanaTV
16.09.2015ж. 20:00
1868
Астанада күн шығыс елінің дәстүрі мен мәдениетінен сыр шертер көрме ашылды

Кимоно, желпілдеуіш, оригами. Астана тұрғындары мен қала қонақтары күн шығыс елінің тылсым мәдениетімен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Алғаш рет Тұңғыш президент мұражайында жапон қуыршақтары мен ұлттық киімдерінің көрмесі ұйымдастырылып отыр. Шара «Мәдениет арқылы үн қату» атты халықаралық жоба аясында Жапония елшілігімен бірлесе қолға алынған.

Екі залға жайғасқан коллекция түгелдей Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісінің әйелі Джомхо Камохара ханымға тиесілі. Экспозиция жапон халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан бай дәстүрі мен халықтың тұрмыс-тіршілігінен сыр шертеді. Мұндағы әрбір кимоно жібектен жасалып, түрлі ою-өрнектермен дестеленген. Киімнің бұл түрінде бір де бір түйме жоқ. Тек белбеумен тартылады. Сондай-ақ көрмеде жапон қыздары қолынан тастамайтын желпілдеуіштердің де 80-дей данасы бар. Айта өтейік, көрме тек 28 қыркүйекке дейін жалғасады.

Джомхо Камохара, Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Масаеси Камохараның әйелі:

Мен біздің ұлттық киім - кимононы жақсы көрем. Қуыршақтарымыз кимоно киіп сатылатындықтан, оларды да жинауды әдетке айналдырдым. Бүгінде коллекциямда  90-ға жуық қуыршақ бар екен.

Күлайша Ақтаева, ҚР Тұңғыш Президенті музейі директорының орынбасары:

Осындай нышандар арқылы біз бір-бірімізді танып, бір-бірімізді құрметтеуге жол ашамыз деп үміттенеміз.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА