Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қарағандыда дәрігерлік қателікке қатысты қылмыстық іс қозғалды

AstanaTV
18.09.2015ж. 20:00
877
Қарағандыда дәрігерлік қателікке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қарағандыда екі бірдей бүлдіршіннің денсаулығына зиян келтірген облыстық балалар клиникалық ауруханасының мейірбикелері жауапқа тартылуы мүмкін. Бүгін бұл іске қатысты облыстық прокуратура мен ІІБ мамандары қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Естеріңізге салайық, өткен дүйсенбі күні облыстық клиникалық балалар ауруханасында оқыс оқиға тіркелді. Мейірбикелер науқас 2 бүлдіршіннің тік ішегін шаю үшін сутегі тотығының 6 пайыздық ерітіндісін қолданған. Салдарынан балалардың ішек жолдары күйіп қалған. Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодексінің 307-бабы, яғни «дәрігерлік жəне фармацевтикалық қызметкерлердің кәсіби міндеттерінің лайықсыз орындалуы» бабымен іс қозғалды.

Қазір оқиға бойынша сот алды тергеу амалдары жүріп жатыр. Құқық қорғау органдары, «балалар ауруханасында қызметтік тексеру жүргізіп жатқандарын», айтты. Ата-аналардың шағымынан кейін істі прокуратура қатаң қадағалауға алды.

Айжан ҚУАШ