Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Шығыс Қазақстанда су тасқыны басталды

AstanaTV
20.03.2014ж. 20:00
1164
Шығыс Қазақстанда су тасқыны басталды

Шығыс Қазақстанда су тасқыны басталды. Күні кеше төтенше жағдай қызметкерлері өңірдегі жағдай толық бақылауда деп хабарлаған болатын. Ал бүгін облыс орталығындағы жеке үйлердің тұрғындары топан судың ортасында қамалып қалды. 

Өскеменннің жер үйлерін су алып кетті. Ахмер кентінің тұрғындары тасқын суды өз күштерімен бөгеп әуре. Су үйлерді басып жатыр. Тұрғындар ары-бері қатынау үшін өз қолдарымен көпірлер тұрғызуға мәжбүр. Баспаналарын судан сақтап қалу үшін күрек-жарақпен қаруланып, өз қаражаттарына трактор жалдап қызыл суға қарсы шықты.


Амантай Дадедов, Ахмер кентінің тұрғыны:


Біз міне батып жатырмыз. ЧС шақырдық. Әрі-бері жүрді де, ештеме істемей кетіп қалды. Құдық суға толып кетті. Электр бәрі жанып кетті. Міне жаңа мені тоқ соқты. Еш көмек жоқ.


Ал мынау Өскеменнің орталық көшелерінің бірі. Сарқыраған қар суы көпқабатты үйлердің бірінші қабатына толып кетті. Тұрғындардың қызыл сумен күресуге лажы жоқ.


Анна Ефимова, Өскемен қаласының тұрғыны:


Таңертең төтенше жағдайлар қызметіне хабарласқанбыз. Ешкім келмеді. Өздерің жергілікті өзін өзі басқару комитетімен бірігіп, бірдеңе қылыңдар деді. Ал комитетегілер күрек алып суды бұрыңдар дейді.


Төтенше жағдай қызметкерлері болса тасқын суды құрықтауға қауқарсыздығын ашық айтып отыр.


Серғазы Садықов, Шығыс Қазақстан облысы ТЖД құтқару бөлімінің басшысы:


Бізде аталмыш жағдайды тіркеп анықтайтын жағдай бар. Адамдарға қауіп төнсе ғана, құтқарамыз. Бізде қазір суды тазартатын күш, техника, мүмкіндік жоқ. Жергілікті әкімдікке хабарлассын.


Осылайша қысқа қайырған төтеншеліктер халыққа қол ұшын созуға асығар емес. Күн жылып, қардың енді ери бастағанын ескерсек, топан судың қауіпті кезеңі әлі алда.


Қанат ОРАЛБЕК