Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Әлеуметтік желілерде Нұртас Адамбайдың бастамасымен флешмоб қарқын алды

AstanaTV
23.04.2014ж. 20:00
943
Әлеуметтік желілерде Нұртас Адамбайдың бастамасымен флешмоб қарқын алды

Әлеуметтік желілерде Нұртас Адамбайдың бастамасымен флешмоб қарқын алды. Халықты бейбітшілікке, татулық пен бірлікке үндеген шараға еліміздің кез келген тұрғыны қатыса алады. Ол үшін фейсбуктегі парақшаңызға еліміздің жалауын орналастырсаңыз болғаны.

Игі шараға «Нұр Отан» партиясы да белсене атсалысуда. Партияға мүше азаматтар мен өзге де тұрғындар фейсбуктің мұқабасына Қазақстанның жалауын орналастырды.

Сондай-ақ "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек "Литер" газетінде «Аңыз адам» журналы төңірегіндегі мәселеге қатысты пікірін білдірді. Ол өз сөзінде бірлік пен тұрақтылықтың, бейбітшіліктің қадірін ардагерлерден артық ешкім де білмейтінін алға тартады.

Бауыржан Байбек,  "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Бұл жағдайда артық эмоциядан тартынып, қызуқандылыққа берілмеген жөн. Барынша байыпты болуымыз керек. Біз еркін қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Алайда сөз бостандығы мен көпэтносты қоғамда тірлік кешу үлкен жауапкершілік жүктейді. Шын мәнінде, елімізде Ұлы Отан соғысының жалыны шарпымаған шаңырақ кемде-кем. Сондықтан қандай жағдай болса да, миллиондаған азаматтарымыздың жанына қаяу түсіруге қақымыз жоқ.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА