$460.79 €490.51 ₽6.02
×

Қарағандылық «Сарыарқа» жоғарғы хоккей лигасының чемпионы атанды

AstanaTV
29.04.2014ж. 10:00
957
Қарағандылық «Сарыарқа» жоғарғы хоккей лигасының чемпионы атанды

Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей командасы Братина кубогы жолындағы жарыста жеңіске жетіп, жоғарғы хоккей лигасының чемпионы атанды.

Кеше Қарағандыда өткен түмендік «Рубин» мен «Сарыарқа» арасындағы финалдық матч 2:1 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды. Ойынның үшінші минутында Сергей Елизаров соққан шайба қазақстандық хоккейшілерді алға шығарды. Алайда араға 10 минут салып «Рубин» командасының хоккейшісі Александр Незнамов мергендігімен танылып, есепті теңестірді.

Екінші үзіліске 17 секунд қалғанда «Сарыарқа» шабуылшысы Владислав Лучкиннің салған шайбасы қарағандылықтарға жеңіс әкелді. 2:1 есебімен аяқталған ойын нәтижесінде «Сарыарқа» хоккей клубы «Братина» кубогына ие болған алғашқы қазақстандық команда атанды.


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах