Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Павлодарлық билік өкілдері соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтады

AstanaTV
06.05.2014ж. 20:00
1403
Павлодарлық билік өкілдері соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтады

Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін павлодарлық билік өкілдері де ұмыт қалдырмады. Өңір басшысы Қанат Бозымбаев Жеңіс күні қарсаңында майдангерлердің шаңырағында болып, тарту-таралғы жасады. Аймақта қазір 306 ардагер бар. Оларға билік әрдайым қол ұшын беріп тұрады. Облыс әкімі игі дәстүр алдағы уақытта да жалғасын табады дейді. Батыр қариялардың қуанышымен әріптесім Әсемгүл Мұхитқызы да бөлісіп қайтты. 

Жеңістің 69-шы жылдығын көру бақыты бұйырғанына 93 жастағы Елена Савун шүкіршілік етеді. Бастан кешкен талай қиындығын, әсіресе соғыстың ызғарын әлі күнге ұмыта алар емес. 17 жастағы бойжеткен әскери комиссариаттан келген шақыруды «командировка» деп қабылдағанын айтады. Бірақ вокзалға жеткенде, қан майданға аттанып бара жатқанын түсінген.

Елена Савун, Ұлы Отан соғысының ардагері:

Соғыс болмасын. Өйткені соғыс деген қасірет. Ешкімге ештеңе бермейді. Тек қайғы әкеледі. Сондықтан ұрпағыма бейбітшілік тілеймін. Бар жақсылық болсын.

Қарияның айтуынша, ол әуелде Фин шайқасында болған. 1941-дің жазында Ленинград майданына ауысып, жат жерде медбике болып, қатарластарына көмектесіпті. Содан ба, өмір мен өлімнің қадірін жақсы біледі. Талай жанға дем берген сүйікті кәсібін соғыстан кейін де жалғастырды. Екі қыз тәрбиелеп, олардан немере-шөбере қызықтады. Тоқсанның төріне шыққан қарт ананы өңір басшысы да ұмыт қалдырған жоқ.

Дай, Бог, вам здоровья. Крепитесь. Чтобы хорошо праздники в этом году прошли! Погода должна быть хорошая. Силы и желание будут - ребят пришлю. На парад посмотрите.

Керекулік биліктің қошеметіне «Александр Невский» орденінің иегері, кешегі майдангер Қабдеш Нуркин де бөленді. Саналы ғұмырын аймақ дамуына арнаған оған облыс әкімі кезекті марапатты тарту етті. Мемлекет және қоғам қайраткерінің төсіне «Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов» атындағы төсбелгі тағылды.

Жалпы Керекуден 2-ші дүниежүзілік соғысқа 46 мыңға жуық азамат аттанған. Бүгінде олардың 306-ның көзі тірі. 214 соғыс және тың ардагері Павлодар қаласында тұрса, қалғаны аудандарда. Облыс басшылары Жеңіс күні қарсаңында батырлардың ешбірі ұмыт қалмайды деп сендірді. Жергілікті билік әрбіріне құрмет көрсетпекші.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ 

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық