Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Өскеменде ҰБТ тапсыратын алғашқы компьютерлік орталық ашылды

AstanaTV
17.05.2016ж. 20:00
1638
Өскеменде ҰБТ тапсыратын алғашқы компьютерлік орталық ашылды

Өскеменде ұлттық бірыңғай тестілеуді электронды түрде тапсыруға мүмкіндік беретін Қазақстандағы алғашқы компьютерлік орталық ашылды. Қазірдің өзінде сынақты компьютер арқылы тапсыруға өтініш бергендер саны 150 адамға жеткен. Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, орталық жыл бойы жұмыс істейді. Сондықтан тестті онлайн режимінде тапсыруға дайындалу үшін оқушыларға уақыт жеткілікті. Бұл жүйенің бір артықшылығы, оқушы сынақ нәтижесінен бірден-ақ хабардар бола алады.

Қазірдің өзінде 200-ден астам оқушы электронды сұрақтарға жауап беріп көрген. Қағазда жазылған сұрақтарға жауап беріп әлек болғанды қаламағандықтан, көбісі электронды жүйені таңдап жатқан көрінеді.

Биыл Шығыс Қазақстанда 8 мыңнан астам бала мектеп бітіреді. Олардың 5 727-сі ұлттық бірыңғай тестілеуді таңдаған. Ал қалған 2,5 мыңдай түлек дәстүрлі емтихан тапсырады.

Болат Меншік, Өскемен қалалық ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары:

Компьютермен тестілеуді ең басты мақсаты - ол, біріншіден, уақытты қысқартады. Сіздер білесіздер, ҒАЗ-да бланкілерді толтыру үшін көп уақыт кетеді. Ал компьютерде ол секундтар ішінде.  

Айгүл ӘДЕПБАЙ