Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Жер мәселесі Атырау облысында да талқыланды

AstanaTV
19.05.2016ж. 20:00
2694
Жер мәселесі Атырау облысында да талқыланды

Жер мәселесі Атырау облысында да тылқыланды. Аймақта биылғы 4 айда 22 мың гектар жер ауыл шаруашылық мақсатында конкурс арқылы шаруаларға берілген.

Жер кодексін түсіндіру үшін облыста сall-орталық жұмысын бастады. Мұнда тұрғындардың жерге қатысты сауалдарына жауап беріледі. Сондай-ақ арнайы мамандардан құралған топтар түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 

Жұмажан Қадимов, Атырау облысы Исатай аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы:

Жерді зерттеп қарап, оның құнарлығы жоғалып кеткен жоқ па, жер дұрыс обработка жасалып жатыр ма, суды, топырақты былғап жатқан жоқ па, сол қорытындыдан кейін барып келесі он жылдан он жылға соза беру керек. Негізі жерді жалға бермей болмайды. Жалға бермесе, ешкім де жерді өңдемейді де, соны түсінуіміз керек.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ