Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Air astanа» Моңғолия астанасына ұшатын рейсті тоқтатты

AstanaTV
19.05.2016ж. 20:00
1574
«Air astanа» Моңғолия астанасына ұшатын рейсті тоқтатты

«Эйр Астана» компаниясы Астана - Ұлан Батыр бағыты бойынша ұшуға тиіс рейсті тоқтатуға мәжбүр болды. Моңғолияның авиациялық мекемесі қазақстандық компанияның жолаушы тасымалдауына рұқсат бермеген. Бұл туралы «Эйр Астана» ақпарат таратты.

Моңғолия тарапы бірнеше себепті алға тартқан көрінеді. Яғни аудиттік тексерулерге байланысты, Ұлан батыр әуежайының уақытша жабылуы, ел астанасында өтетін «Азия-Еуропа» саммитіне орай рейстер санының қысқарып жатқаны себеп болуы мүмкін. Ұлттық тасымалдаушы билет сатып алғандардың қаржысын қайтарып бермек. Қазір клиенттерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - дейді компания өкілі.

Тілек Әбдірахымов, «AIR ASTANA» компаниясы бұқарамен байланыс департаментінің менеджері:

Біздің компаниямыз негізі маусымның екісінде осы рейсті жоспарлаған болатын және осы үстіміздегі жылдың наурыз айында осындай рұқсатты алған болатын. Бірақ сәуір айында Моңғолияның өкілдері бұл рұқсатты ешбір себепсіз қайтарды.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ