Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Атыраулық полицейлердің қымбат көлігі 198 миллион теңге тұрады

AstanaTV
06.01.2016ж. 20:00
1322
Атыраулық полицейлердің қымбат көлігі 198 миллион теңге тұрады

Атырау полицейлерінің ең қымбат көлігінің бағасы белгілі болды. Италиялық су көлігі 2013 жылы 198 миллион теңгеге сатып алыныпты. Бұл туралы жергілікті «Ақ Жайық» басылымы жария етті. Ондағы дерек бойынша, танымал итальяндық инженер-дизайнер Фабио Буццидің қайығы Жерорта теңізі секілді жылы климатқа арналған, сондықтан Каспийдің суығына шыдас бермейді.

Ал облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметі көліктің жылдамдығын жоғары бағалады. Бағалы көлікпен соңғы екі жылда заңсыз ауланған 166 тонна балық тәркіленген. Айтуларынша, Каспий теңізіндегі браконьерлерді құрықтауға отандық қайықтардың мүмкіндігі жетпейді. Сондықтан Ішкі істер департаменті келешекте тағы осындай қайықтар сатып алуды жоспарлап отыр.

Гүлнәзира Мұхтарова, Атырау облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

Бұл қайық 2013 жылы Каспий теңізіндегі браконьерлікпен күресу мақсатында сатып алынған болатын. Бұл - өте жүрдек көлік. Су үстінде сағатына 120 шақырымға дейін жылдамдығын арттыра алады. Ал отандық су көліктері мұндай жылдамдықпен жүре алмайды. Айта кету керек, осы қайық қана браконьерлердің зәре-құтын қашырады. Өйткені қалған техникамен оларды қуып жету мүмкін емес. Біздің ойымыз бар, алдағы уақытта тағы да осындай қайықтарды алғымыз келіп отыр.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ