$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Президент Рождество мерекесімен құттықтады

AstanaTV
07.01.2016ж. 20:00
2114
Президент Рождество мерекесімен құттықтады

Бүгін барша әлемнің православ христиандары Рождество мерекесін атап өтуде. Осыған орай мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев православ христиандарын діни мерекемен құттықтады. Елбасының айтуынша, барлық конфессия өкілдерімен бірге православие христиандары қазақстандық қоғамдағы конфессияаралық келісімді, тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосып келеді.

Президент: «Бұл мереке өзара түсіністік пен мейірімділіктің, жақын жандарға қамқорлықтың және көмекке зәру адамдарға шынайы көңіл бөлудің уақыты», - деді. Еңбек кодексінің 96-бабына сәйкес, Құрбан айт және Рождество діни мерекелері ресми мерекелерге жатпайды, бірақ демалыс күндері болып саналады. Православ христиандарын мерекемен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да құттықтады.

Ағабек Қонарбайұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы:

Христиан және Ислам дінінің өкілдерінің мақсаты бір. Қоғамдағы адамгершілікке жат әрекеттерді болдырмау, діни экстремизмді болдырмау, жастарға дұрыс діни ақпаратты жеткізу және жастарымызды жаман әрекеттерден, арақ-шараптан, зорлық-зомбылықтан алшақ болуға үндеу. Міне, осы қос дін өкілдері халықты жақсылыққа, ізгілікке бірлесе отырып үндеп келеді.

Берік ХАСЕНОВ