Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Алматы әкімдігі 5 жылдан бері тікұшақтарын сата алмай отыр

AstanaTV
08.01.2016ж. 20:00
1476
Алматы әкімдігі 5 жылдан бері тікұшақтарын сата алмай отыр

Тікұшақтар сатылады. Алматы әкімдігі Ішкі істер департаменті мен төтенше жағдайлар қызметінде бұрын қолданыста болған екі бірдей тікұшақты сата алмай отыр. Қалалық әкімдіктің қаржы басқармасы мамандары, 2011 жылдан бері осымен 7 рет саудаға шығарылған әуе көліктерін сатып алушылар табылмай келеді деп отыр. Олар МИ-34С тікұшақтарын соңғы рет 31 желтоқсанда ашық саудаға шағырған. Голландтық әдіспен, яғни бағасын төмендету арқылы шығарылған бәссаудаға тағы да ешкім қатыспапты. Басқарманың коммуналдық меншік мүліктерін жекешелендіру бөлімі арзан бағадағы тікұшаққа ешкімнің ықылас танытпауын өздігінше түсіндіреді. Тікұшақтардың сервистік қызметінің қымбат және онымен толыққанды ұшу үшін қомақты қаражат салу қажет. Сол себепті арнайы сайттан бұл ақпаратты көргендер қоңырау шалғанымен, оған иелік етудің оңай еместігін түсінеді,- дейді әкімдік өкілдері. 

Индира Мәнімханова, Алматы қаласы әкімдігі коммуналды меншікті жекешелендіру бөлімінің басшысы:

Бұл тікұшақтардың әрқайсысының бастапқы құны 27 млн 900 мың теңге тұрады. Қазір енді комисия оны саудалаудың түрін қайтадан қарастырып жатыр. Онда тікұшақтың ең төменгі бағасы қайта қаралады. Өткен жылдың 31 желтоқсанында оның құны 4 млн 200 мың теңге болған еді. Оның құнын бұдан да түсіру, кепілдік құнынан да төмендеп кетпек. Ал оны айналымнан шығарып, тегін беру біздің құзырымызда емес.