Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Ертіс орманы» резерватында 2 жылға дейін орманды отауға тиым салынды

AstanaTV
12.01.2016ж. 20:00
1328
«Ертіс орманы» резерватында 2 жылға дейін орманды отауға тиым салынды

Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» мемлекеттік резерваты аумағында екі жылға дейін орман отауға тыйым салынды. Бұйрық әділет басқармасына тіркеліп, бірер күнде күшіне енеді. Бұл ақпаратты «Астана» арнасына, өңірдің жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы өкілдері растады. 

Олардың мәліметінше, өткен жылы резерватта жасыл желекті заңсыз отаудың 102 дерегі тіркелген. Бұл шамамен 16 мың 500 текше метр ағаш. Шығын көлемі 814 млн теңгені құрады. 17 көлік ұсталып, 102 қылмыстық іс қозғалған. Осыған сәйкес, былтыр облыс әкімдігі қорғауға алынған аумақта ағаш кесуге тыйым салу жөнінде ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныспен шыққан. Жылға жуық ауқымды жұмыс жүргізіліп, мәселе жан-жақты зерттеліпті. Нәтижесінде оң шешім қабылданды,- дейді басқармадағылар.

Мұратбек Әлжікеев, облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы бөлім басшысы:

Бір-екі күннің ішінде ол бұйрық тіркеуден өтіп, күшіне енеді. Мораторий 16 жылдың 1 қаңтарынан 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін, ешқандай ағаш отауға Ертіс орманы аумағында рұқсат біерілмейді. 

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ