$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Ресейдің «Внуково» әуежайында жарылған ұшақтың суреттері пайда болды

AstanaTV
22.10.2014ж. 10:00
1328
Ресейдің «Внуково» әуежайында жарылған ұшақтың суреттері пайда болды

Ресейдің «Внуково» әуежайында болған ұшақ апатына ұшқыш кінәлі болуы мүмкін емес. Бұл туралы КСРО-ның еңбек сіңірген ұшқышы Олег Смирнов мәлімдеді.

Оның сөзінше, сағатына 200 шақырым жылдамдықпен келе жатқан ұшақ, қар тазалағыш машинаны көріп, тоқтай алмайды. Мұндай жағдайда кез келген ұшақ апатқа ұшырайтын еді, деді ол. Дейтұрғанмен, «РИА Новости» агенттігіне апатты көзімен көргендер кейбір мәліметтерді жеткізген. Олар, қар тазалайтын машина екі жолақтың қиылысқан жеріне келгенде ұшақ келіп соқтығысты, артынан жойқын жарылыс болды, деп отыр. Диспетчерлер болса, машина жүргізушінің сол жерге тоқтауға құқы бар, деп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қазанда «Внуково» әуежайында Total мұнай компаниясының президенті Кристоф де Маржери жалғыз өзі отырған ұшақ апатқа ұшырады. Экипаж мүшелерін қосқанда 4 адам опат болды. Мұнай компаниясы басшысының қазасынан кейін «Тотальдің» нарықтағы акциялары құлдырап кетті. Париж биржасындағы сауда-саттық кезінде оның құнды қағаздары 2%-ға арзандаған.

Илхам ИБРАГИМ