«Нұрлы жол» экономикалық дамуының басым
бағыттарының бірі - индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына маман
әзірлейтін отандық 11 жоғарғы оқу орны анықталды. Елбасы соңғы Жолдауында
бұл бағдарламаға 10 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Еліміздің Білім және ғылым
министрлігі инновациялық бағытта магистранттарды оқытуды қолға алып отыр. Оқу
бағдарламасын әзірлеуде отандық ұстаздарға шет елдік әріптестері көмектеседі.
Университеттердің 20 ғылыми зертханасын дамытуға қаражат бөлінді. Жыл соңына
дейін 11 университеттен 10 білім мекемесі іріктеледі. Білім және ғылым
министрлігі 2017 жылы өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесі қарсаңында бағдарламаның
алғашқы түлектерін шығаруды жоспарлап отыр.
Тахир
Балықбаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:
Астана қаласында құрылыс
материалдарын өндіру, ақпараттық технологиялар, агроөнеркәсіп кешені бағыттары
бойынша мамандарды Лев Гумилев атындағы университеті және Сәкен Сейфуллин
атындағы Қазақ агротехникалық университеттері анықталып отыр.
Өңірлерде
құрылыс, мұнай және газ, машина жасау, жеңіл және азық-түлік өнеркәсіп
ошақтарының орналасуына байланысты мемлекеттік университеттер таңдалып алынды.
Министрлік мамандары қазір білім мекемелерімен бірлесіп бағдарламаны жан-жақты
жетілдіріп жатырмыз деп мәлімдеді.
Азамат
АЛДОҢҒАРОВ