$480.55 €533.75 ₽5.36
×

АҚШ-та Солтүстік Корея туралы «Интервью» фильмі прокатқа шығады

AstanaTV
24.12.2014ж. 13:00
1238
АҚШ-та Солтүстік Корея туралы «Интервью» фильмі прокатқа шығады

Дауға айналған «Интервью» фильмі ақыры АҚШ-та прокатқа шығатын болды. Sony Pictures кинокомпаниясы осыған дейін Солтүстік Корея көсеміне жасалған қастандық туралы комедияны көрсетуден бас тартқан еді. Бірақ, бұл іс көпшіліктің талқысына түсіп, жұртшылықтың наразылығы күшейгеннен кейін авторлар бұл картинаны көрсету керек деген шешімге келіпті.

Жарыққа шықпай жатып, басы дауға қалған туынды ертеңнен бастап, АҚШ-тағы жекелеген кинотеатрларда көрсетіле бастайды. Бүгіннің өзінде жоғары ұпай жинаған «Интервью» туындысы рейтингте көш бастап тұр. Бұл фильмнің экранға жол тартуын, тіпті АҚШ президенті Барак Обама да мақұлдады.

Айта кетелік, Sony компаниясының бұл фильмді түсіруден бас тартқанын сынаған президент кибершабуылдарымен қорқытқан хакерлердің әрекеті жауапсыз қалмайтынын айтып, сес те көрсеткен еді.

Еркін ҚАРИН