Саяси
партиялар сайлауалды тұғырнамаларын таныстырып, өз бағдарламаларын жарыққа
шығара алады. Алда өткізілетін сайлау оларға осындай мүмкіндік береді. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының өкілдерінің пікірі осы. Аталған
институт ұйымдастырған жиында бірқатар маңызды мәселе қаралды. Олардың қатарында
саяси дода кезіндегі әлеуметтік зерттеулердің өзектілігі, саяси PR мен
әлеуметтік желілердегі белсенділік тақырыбы қамтылған.
Дөңгелек үстелге отандық
сарапшылар, мемлекеттік орган өкілдері және жоғарғы оқу орындарының оқытушылары
қатысты. Стратегиялық зерттеулер институтының өкілдері саяси науқан сайлаудың жаңа технологияларын,
трендтерін енгізіп, тиімді тәсілдерді қалыптастыратынын атап өтті.
Алуа
Жолдыбалина, ҚСЗИ әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің жетекшісі:
Сайлауды
өткізудің бірнеше тиімді жағы бар. Атап өтсек, біріншіден, парламенттік сайлау
саяси партиялардың өз сайлауалды бағдарламаларын ұсынуға, өздерінің ерекше
идеяларын ұсынуға мүмкіндік береді. Екінші кезекте, саяси партиялардың
сайлауалды бағдарламасы елдің экономикалық, саяси ахуалдық жағдайын қаншалықты
жақсы білетінінің көрсеткіші болып табылады.
Айгүл ӘДЕПБАЙ